Михаэль Шумахердің ұлы Мик Шумахер Формула-1 жарысына қатысатын «Хаас» командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі чемпионаттың инстаграмына сілтеме жасап.

Ол 2021 жылға келісімшарт жасасты. Мик Әбу-Даби Гран-приі алдындағы бірінші практикада өнер көрсетеді, кейін маусым біткен соң жастар сынағына қатысады. Серіктесі ресейлік Никита Мазепин болады.

Қазіргі уақытта Шумахер Формула-2 жарысына қатысып жүр. Чемпионатта көш бастап, алғашқы титулына жақын тұр.