Өзбекстан Суперлигасына жолдама сарапқа салынған «Нефтчи» - «Турон» матчында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Нефтчи» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Оларға Суперлигаға шығу үшін тең есеп немесе жеңіс қажет болатын.

Соңғы ысқырықтан кейін клуб футболшылары мен жанкүйерлері төрешіні жағасынан алды. Ойыншылардың бірі бас төрешіні екі аяғымен тепті. Полиция шабуылдағандарды ұстады.