«Барыс» ХК-ның бас бапкері Юрий Михайлис «Сочимен» өткен ойын жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Propsorts.kz.

«Тең ойын. Қарсылас команда бір ойыншыға кем ойнаған кезде өз мүмкіндіктерімізді сәтті пайдаландық. 5:3, 5:4-ті жақсы орындадық. Қарсылас екінші кезеңде жылдам ойынға көшті. Кей кезде ойынды өз бақылауымызды ұстай алмадық. Үшінші кезеңде есепті еселейтін де, өз қақпамызға шайбы өткізіп алатын да сәттер болды. Хенрик Карлссон керемет өнер көрсетті. Бүкіл команда қорғаныста жақсы ойнады. Жарайсыңдар! Әрине, қателіктер болды», - деді Михаилис матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.