Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында астаналық «Барыс» өз алаңында «Сочиді» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын «Барыс-Арена» стадионында Нұр-Сұлтанда көрерменсіз өтеді және астана уақытымен 17:00-де басталады. Матчты мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Қазіргі уақытта «Барыс» лиганың шығыс конференциясында 9-шы орында, ал «Сочи» Батыс конференциясында оныншы орында тұр.

Юрий Михайлис шәкірттері мұның алдында «Спартакпен» ойнап, 2:1 есебімен жеңді.