Ағылшын Премьер Лигасында тағы он ойыншы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі турнир сайтына сілтеме жасап.

Тестілеудің кезекті кезеңі 23-29 қараша аралығында өтті. Ауру жұқтырғандардың аты-жөндері аталмайды, бәрі де он күн бойы оқшауланады.

Бұған дейін 16-22 қараша аралығында Англия премьер-лигасында коронавирусқа тестілеу нәтижесінде сегіз жаңа жағдай анықталған болатын.