Үстел теннисінен неміс Бундеслигасында кезекті тур ойындары өтіп, Кирилл Герасименко намысын қорғайтын "Вердер" клубы қарсыласынан басым түсті.

Бұл жолы бремендіктер турнир кестесінде екінші орында келе жатқан «ТТС Neu-Ulm» клубын қабылдаған болатын. Кездесу 3:1 есебімен "Вердердің" пайдасына жазылды.

Кирилл Герасименко Кей Стампермен кездесуп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.