Спорт журналисті және инсайдер Айдын Қожахмет инстаграм парақшасында Александр Шатскихтің қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Талдықорған футболының түлегі, бірқатар қазақстандық клубтардың бұрынғы ойыншысы және жаттықтырушысы Александр Шатских өмірден озды.

Ол 46 жаста еді. Соңғы жылдары Шатских ұзақ уақыт бойы қатерлі ісік ауруынан емделді. Өкінішке орай, ол бұл науқастан жазыла алмады.

Александр Анатольевичтің отбасы мен достарына көңіл айтамын», - деп жазды Қожахмет.

Айта кетейік, Шатских «Жетісу», «Қайнар», «Астана-1964», «Ертіс», «Жеңіс», «Жетісу», «ЦСКА-Қайрат», «Мегаспорт» және елордалық «Локомотив» сияқты клубтарда ойнады. Бапкер ретінде ол «Локомотив Алма-Ата», «Жетісу», «Қайнар» және «Тараз» жастар клубтарында жұмыс істеді.