«Ордабасы» ел чемпионатының 22-турында «Оқжетпесті» 3:1 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Бірақ бұл жеңіс шымкенттік команданың Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына мүмкіндік берген жоқ. Қатар өткен ойында қарағандылық «Шахтер» ойыншылары «Тоылды» жеңіп, Еуропа лигасына берілетін соңғы жолдамаға қол жеткізді.

«Оқжетпес» – «Ордабасы» – 1:3 (1:1)

Гол соққандар: Тарас Бондаренко 39 –Сергей Хижниченко 4, Зиги Бадибанга 56, Жоао Пауло 90+3.