Sports Illustrated репортеры және DAZN стриминг сервисінің сарапшысы Крис Мэнникс кәсіпқой бокстың аңыздары Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс арасындағы жекпе-жектің нәтижесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тең есеп - ақымақтық, Тайсон айқын жеңді. Егер сіз Чад Доусон, Кристи Мартин және Винни Паз төреші болған, 50-ден асқан екі боксшының көрмелік жекпе-жегіне бәс тіксеңіз, ақымақ екенсіз», - деп жазды Мэнникс Твиттерде.

Еске салайық, Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс арасындағы жекпе-жек Қазақстан уақытымен 29 қарашада таңертең өткен еді. Әрқайсы екі минутқа созылған сегіз раундтан кейін төрешілер тең нәтиже тіркеген болатын.