Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетуді көздеп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инстаграм желісіндегі парақшасында Жалғас алдағы қарсыласы швециялық Амир Альбазиге үндеу жасад: «Амир, мен өзім-ақ келемін! Қазақтың кім екенін және көшпенділердің рухын сезінесің».

Еске салайық, Жұмағұлов - Альюази кездесуі өткен демалыста UFC Vegas 15 турнирінде өтуі керек болған. Бірақ қазақстандық спортшы паспортын уақытында ала алмай, кездесуге бара алмады. Енді файтерлер 2021 жылдың қаңтарында кездеседі деп жоспарланып отыр.