Алматылық «Айсұлу» командасы шайбалы хоккейден Еуропа әйелдер лигасындағы бесінші матчын өткізді. Турнирдің барлық матчы Австрияда өтіп жатыр.

Қазақстандық ұжымның қарсыласы Австрияның «Лейкерс» клубы болды. «Айсұлу» хоккейшілері айдын қожайындарын сенімді түрде 6:2 есебімен жеңді. Осылайша, алматылық команда еуропалық лигада екінші рет жеңіске жетті.

Енді «Айсұлу» келесі жекпе-жегін 2 желтоқсанда өткізеді.