«Барыс» хоккей клубының бас бапкері Юрий Михайлис мәскеулік «Спартакқа» қарсы матчтың нәтижесы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.
- Бірқатар сәтсіз матчтардан кейін командаға жігер беру қаншалықты қиын болды?
- Жағдайды өзгерту керек екенін бәріміз ұқтық. Әркім өз ойын қайта қарау керек шығар. Осыған жету үшін біз бірнеше жиналыс өткіздік. Темірдей тәртіп керек екенін түсіндірдік.
- Даррен Диц қанша уақыт мұз айдынына шыға алмайды?
- Білмеймін, қалыпқа келуіне екі-үш апта керек шығар.
- Соңғы күндері көпшілік сіздің клубтан кету мүмкіндігіңіз туралы айтты. Қысым болды ма?
- Мен бірінші рет естіп тұрмын. Осыған ұқсас сұрақ маған Санкт-Петербургте қойылды. Енді сіз қойдыңыз. Мен бұл туралы ештеңе естіген жоқпын.
- Джесси Блэкердің жағдайы туралы не айтысыз? Жанжалға қатысқандар қандай да бір түрде жазаланды ма?
- Джесси Блэкер қазірдің өзінде баяу жаттығуға кірісті. Тек ойын жайлы айтсақ... Ойындарға дайындалу, командамен жұмыс жасау.
Келесі кездесуді «Барыс» өз алаңында 1 желтоқсанда «Сочи» командасымен өтеді.
Комментарии