Бокстан Қазақстан чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақтағы жеңімпаз бен жүлдегерлер есімі белгілі болды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл салмақтағы финалдық жекпе-жекте әлем чемпионатының жүлдегері Әбілхан Аманқұл мен жас әрі талантты боксшы, атыраулық Нұрқанат Райыс кездесті. Аталған кездесу Әбілханның сөзсіз жеңіісімен аяқталып, команда үздігі өз мықтылығын кезекті рет дәлелдеді. 75 келідегі қола медальді Ермахан Жакпеков (ШҚО) пен Аман Қазанғапов (Жамбыл облысы) иеленді.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі