«Манчестер Сити» вингері Рияд Махрез «Бернли» (5-0) қақпасына хет-трик жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы алжирлік АПЛ-дағы мансабында 102 нәтижелі әрекет (61 гол және 41 пас) жасаған.

Squawka Football-дің хабарлауынша, Махрез - премьер-лигада осындай жетістікке жеткен алтыншы африкалық.

Бұған дейін мұндай жетістік Дидье Дрогба, Якуб Айегбени, Эммануэль Адебайор, Садио Мане және Мохамед Салахқа бұйырған