Алматылық «Айсұлу» командасы Еуропалық әйелдер арасындағы шайбалы хоккей лигасындағы төртінші матчын өткізді. Қазақстан командасының қарсыласы - Аустрияның «Зальцбург Иглз» клубы болған еді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын «Орлиц» алаңында өтіп, 7: 0 есебімен «Айсұлу» хоккейшілерінің пайдасына аяқталды. Осылайша алматылық команда осы маусымда бірінші жеңісін тойлады.

«Айсұлу» келесі кездесуін 29 қарашада басқа аустриялық «EHV Sabres Vienna» клубына қарсы өткізеді.