Филиппиннің Mаnilla Standard басылымы қазақстандық файтер Қайрат Ахметов (23-2) пен жергілікті спортшы Дэнни Кингад (14-2) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы кіммен кездесетінін жазды.

Басылымның мәліметінше, аталмыш жекпе-жектің жеңімпазы аса жеңіл салмақтағы ONE тұжырымының чемпионы Адриано Мораес пен UFC-дің бұрынғы чемпионы Деметриус Джонсон жұбының жеңімпазымен айқасуға мүмкіндік алады.

Бұрынғы ONE чемпионы Қайрат Ахметов 4 желтоқсанда өтетін ONE Big Bang турнирінде өнер көрсетеді. Жекпе-жек кеші Сингапурдегі танымал Indoor Stadium аренасында өтеді.