Қазақстан уақытымен 28 қарашада таңертең Голливудта (Флорида, АҚШ) Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Prosports. kz.

Елеусіновтің қарсыласы бірініш орта салмақта WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы, намбиялық Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) болмақ. Жартылай орта салмақта өтетін бұл кездесуде IBF Intercontinental титулы сарапқа салынады.

Егер Данияр жеңіске жетсе, онда оған өз салмағындағы танымал боксшыларымен жекпе-жек өтізуге жол ашылады.

Елеусінов – Индонго жекпе-жегінен бөлек бұл кештің басты жекпе-жегі де қазақстандық бокс жанкүйерлерінің назарын аударады деп ойлаймыз. Себебі басты жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары, америкалық боксшылар Дэниэл Джейкобс (36-3, 30 КО) пен Габриэля Росадо (25-12-1, 14 КО) кездеседі.

Голливудтағы бокс кешін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00-де басталады.