Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) кәсіби мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Ол 28 қараша күні өтетін Голливудтағы (АҚШ) бокс кешінде намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жұдырықтасады.

Салмақ өлшеу рәсімінде Данияр Елеусінов 66,5 келіні көрсетке, қарсыласының салмағы 66,3 келі болды.

Боксшылар IBF Inter-Continental жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуге таласады. Қазақстанда бұл жекпе-жекті Хабар телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция елорда уақытымен сағат 06:00-де басталады.