Қазақстандық екі велошабандоз Біріккен Араб Әмірлігінің Dubai Police клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Қазақстан велоспорт федерациясы хабарлады.

Махаббат Үмітжанова мен Ақпейіл Өсім Dubai Police командасының жейдесін киді. Екі шабандоз да Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.