«Баварияның» қақпашысы Мануэль Нойер Чемпиондар лигасындағы қатарынан бірнеше матчта жеңіске жету көрсеткіші бойынша рекорд орнатты.

«Зальцбургке» қарсы матчта Нойер қатарынан 15-ші жеңісіне жетті. Қақпашы қатысқан матчта оның командасы өткен маусымда 11, биыл 4 ойында қарсыласын қапы қалдырған.

Осылайша Нойер «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдудың көрсеткішінен 1 жеңіске озып, рекорд жаңартты.