Шымкентте өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында 49 келі салмақтағы ширек финалдық бәсекелер аяқталды.

Бұл салмақтағы жартылай финалда Бекзат Амангелдинов, Теміртас Жүсіпов, Ермек Мәдиев пен Даниял Сәбит сынға түседі. Олардың екеуі алтынға таласса, екеуі қоланы қанағат тұтпақ.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан біріншілігінің жартылай финалдық жекпе-жектері 28 қарашаға, ал финалдық бәсекелер 29 қарашаға жоспарланған.