Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле 60 жасында кенеттен жүрегінің тоқтап қалуынан қайтыс болған аргентиналық Диего Марадонаның қайтыс болғаны туралы естіді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен бір күні көкте бірге ойнайтынымызға күмәнданбаймын», - деп келтіреді Reuters агенттігі Пеленің сөзін.

Марадона өз мансабында «Аргентинос Хуниорс», «Бока Хуниорс», «Барселона», «Наполи», «Севилья», «Ньюеллз Олд Бойз» клубтарында ойнаған. Аргентина құрамасы үшін 91 матч өткізіп, 34 гол соқты. Ол - Италияның екі дүркін чемпионы, Аргентина чемпионы, Италия кубогының, Испания лигасы кубогының жеңімпазы, УЕФА кубогының, Испания Суперкубогының, Италия Суперкубогының иегері.