«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында сырт алаңда Санкт-Петербургтің СКА командасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойын 4:3 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілді.

Осылайша, Юрий Михайлис шәкірттер қатарынан бес ойында жеңіліске ұшырап отыр.

Осы жеңілістен кейін «Барыс» 26 матчта 25 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 10-орынға сырғыды. Ал бүгінгі қарсыласы 39 ұпаймен Батыс конференциясында екінші орынға жайғасқан.

«Барыс» енді елге оралып, өз алаңында бес матч өткізеді. Оның алғашқысы 29 қарашада мәскеулік «Спартакқа» қарсы өтеді.

ҚХЛ

СКА (Санкт-Петербург) - Барыс (Нұр-Сұлтан) - 4:3 (2:2, 1:0, 1:1)

1:0 - Морозов - 09:102:0 - Кетов (Фантенберг) - 15:33 ГМ2:1 - Сведберг (Старченко, Михайлис) - 16:39 ГБ2:2 - Лилья (Виделль) - 19:103:2 - Марченко (Кемппайнен) - 35:13 ГБ3:3 - Виделль (Диц, Волк) - 42:51 ГБ4:3 - Ткачев - 45:57

Қақпашылар: Самонов – Ортио