Бүгін, 24 қарашада «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында сырт алаңда Санкт-Петербургтің СКА командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Юрий Михайлис шәкірттері Нева жағалауына нашар көңіл-күймен аттанды. Себебі елордалық команда осының алдындағы төрт ойында да жеңіліске ұшырады. Тіпті бүгін де жеңіске жете алатынына сенім аз.

Керісінше алаң иелерінің айдарынан жел есіп тұр. СКА соңғы бес ойынның біреуінде ғана жеңілді. Олар бүгінгі кездесудің де фавориті саналады.

«Барыс» 25 матчта 25 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 9-орында тұр. Ал бүгінгі қарсыласы 37 ұпаймен Батыс конференциясында екінші орынға жайғасқан.

СКА – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:20-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.