Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» сырт алаңда ресейлік СКА командасымен кездеседі.

Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да басталатын матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матч жанкүйерсіз өтеді.

Қазақстанда өткен қос команда арасындағы алғашқы матчта «Барыс» овертаймда 3:2 есебімен жеңіске жетті.