Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев командадан кетуге жақын.

25 жастағы футболшы «Ордабасыға» ауысуы мүмкін. Дәл осы клубта Тұңғышбаевтың ойыны жүріп, Қазақстан құрамасында дебют жасады.

«Ордабасы» басшылығы да түлегімен келісімшарт жасасуға қарсы емес.

Екі маусымда «Қайратта» әмбебап футболшы біріншілікте 24 матч өткізіп, онда тек екі нәтижелі пас берді.