ЦСКА жанкүйерлері команданың қазан айындағы ең үздік голын анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Жанкүйерлердің дауыс беруі бойынша, Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновтің «Урал» қақпасына соққан голы өткен айдың үздігі атанды.

Айта кетейік, бұл гол қазақстандық ойыншының ЦСКА сапындағы алғашқы голды болатын. Ол мәскеулік клуб сапында РПЛ-да 11 ойынға қатысып, 1 гол соқты.