Arlan MMA Pro командасының өкілі, қазақстандық файтер Қайрат Ахметовтің (23-2) келесі жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Сингапурдағы ONE промоушенінің баспасөз қызметі Prosports.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

Бұрынғы ONE чемпионы Қайрат Ахметов 4 желтоқсанда өтетін ONE Big Bang турнирінде өнер көрсетеді. Жекпе-жек кеші Сингапурдегі танымал Indoor Stadium аренасында өтеді. Ахметовтің қарсыласы - филиппиндік Дэнни Кингад (14-2).

Ахметов октагонға соңғы рет былтыр наурыз айында шықты. ONE Гран-придің ширек финалында өнер көрсеткен болатын (56 келі). Файтер жартылай финалға жолдама алған, бірақ қолынан алған жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмады. Ұзақ қалпына келтіру үдерісінен кейін қазақстандық спортшы сегізбұрышқа қайта оралғалы отыр.

Ал оның қарсыласы Кингад осы жылдың қаңтарында жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Жұмағұлов - Альбази жекпе-жегінің промо-ролигі жарияланды

Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі өтетін күн анықталды