Украиналық Dota 2 командасы «Natus Vincere» EPIC League бірінші дивизионында алғаш рет жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«OG» командасы «Natus Vincere»-ті 2:0 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, EPIC League Division 1 12 қарашада онлайн режимінде басталған болатын. Жарысқа 10 команда қатысып жатыр. Олар 500 мың АҚШ долларын сарапқа салады.