«Ливерпуль» Премьер-лиганың 9-турында өз алаңында «Лестерді» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша мерсисайдтықтардың чемпионаттағы жеңіліссіз сериясы 64 кездесуге жетті.

Бұл нәтиже клубтағы жаңа рекорды деп хабарланды.

«Ливерпуль» 64 ойында 53 жеңіс пен 11 тең ойынға қол жеткізіп, 169 гол соқты. Өз қақпаларына 34 гол жіберіп алғанын да айта кету керек.