Василий Левит 2020 жылғы ел чемпионатына қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы бір күн бұрын, мандаттық комиссия отырысы кезінде белгілі болды.

Бастапқыда Нұр-Сұлтан қаласының бокс командасы 91 келіге дейінгі салмақтағы Олимпиада жүлдегерінің чемпионатқа қатысатынын жариялағанымен, Левиттің есімі бокс кестесіне кірмеді.

Спортшы науқастанып қалған, сол себепті дәрігерлер оған жаттығулар мен турнирлерден уақытша бас тартуға кеңес берді.