Қазақстандық файтер Қайрат Ахметовтың (23-2) октагонға оралатын уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Командамыздың мүшесі Қайрат Ахметов кезекті жекпе-жегін биыл желтоқсанда өткізуі мүмкін», деп жазды Arlan MMA Pro Team клубының өкілдері Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетелік, Ахметов 2019 жылдың 31 наурызында One FC промоушны ұйымдастырған турнирде аустралиялық Рис МакЛаренді жеңген болатын.