Дортмундтық «Боруссия» шабуылшысы Эрлинг Холланд Еуропаның 2020 жылғы ең үздік жас футболшысы атанды.
20 жастағы норвегиялық футболшы Golden Boy сыйлығын жеңіп алды. Ол - аталған марапатқа ие болған алғашқы скандинавиялық.
Холанд дауыс беру нәтижесінде «Барселона» вингері Ансу Фатиден озып кетті.
Шабуылшы биылғы маусымда дортмундтық клуб пен Норвегия құрамасында 34 кездесуде 33 гол соқты.
Комментарии