Еркін күрес шеберлері Дәулет Теміржанов пен Адлан Аскаров және Азамат Дәулетбеков күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатында өз салмақтары бойынша топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетейік, ел чемпионаты бүгін басталды.

Ақмола облысының намысын қорғайтын Теміржанов финалда Қарағанды ​​облысының өкілі Жавохир Иристаевты жеңді.

Қола медальдарды Ғабит Төлепбай (Шымкент) пен Рахат Қалжан (Жамбыл облысы) иеленді.

Ал 61 келіге дейінгі салмақта алматылық Адлан Аскаров финалда Атырау облысының өкілі Саламат Мәліковты жеңді. Қорытынды есеп - 16:4.

Қола медальдар Қалиев пен Оганисянның еншісінде кетті.

86 келіде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысқан Азамат Дәулетбеков финалда Алматы облысының балуаны Есқали Дәулетқазыны жеңді.

Әділет Давлумбаев (Алматы) және Нұрдәулет Көктеубаев (Маңғыстау облысы) қола медаль иеленді.

Фотосурет көзі: UWW.