Ертең, 21 қараша күні ауыр атлетикадан жекелей-командалық Қазақстан чемпионаты өтеді.

Ауыр атлетикадан республикалық біріншілік онлайн форматта өтеді. Ел біріншілігіне ұлттық құрама сапындағы бірінші нөмерлі спортшылардың басым бөлігі қатысады.

Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, ерлер арасында 45 және 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар өзара бақ сынайды.

Қазақстан чемпионаты 27 қарашаға дейін жалғасады.