«Әл-Әйн» командасы Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханмен допинг дауынан соң келісімшартты бұзды. Бұл туралы UAE Sports News басылымы хабарлады.

Қос тараптың келісімі бойынша келісімшарттың күші уақытынан бұрын тоқтатылды. Оның келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған еді.

Айта кетейік, Азия футбол Кондферациясы «Әл-Әйн» ойыншысы Бауыржан Исламханның қанынан допинг табылған соң уақытша спорттан шеттеткен еді.