Футзалдан Қазақстан чемпионаты аясындағы «Нұр-Сұлтан» мен «Жетісу» матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч елордалық клубтың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Батырхан Имашев есеп ашып, астаналықтарды алға шығарған. Кейін талдықорғандықтар сапынан Жұма Райымбек көзге түсіп, есепті теңестірді.

Матч соңына қарай Жақсылық Ертуғанов елордалық клубқа жеңіс сыйлады.