«Пари Сен-Жермен» шабуылшылары Неймар мен Килиан Мбаппе париждік клуб басшылары мадридтік «Реал» қорғаушысы Серхио Рамоспен келісімшарт жасасса, өздерінің келісімшарттарын жаңартуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты El Chiringuito таратты.

Басылымның хабарлауынша, Неймар Рамосқа қоңырау шалып, ПСЖ-ға ауыссса, клубта қалуға уәде берген.

Еске сала кетелік, 34 жастағы Рамостың «Реалмен» келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады. Осылайша, француз клубы ойыншымен тегін келісімшартқа отыра алады.

28 жастағы Неймар мен 21 жастағы Мбаппенің «Пари Сен-Жерменмен» келісімшарттары 2022 жылдың жазында аяқталады.