18 қарашада футзалдан Қазақстан чемпионатының 10-туры аясында «Қайрат» пен «Оқжетпес» IFC матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қорытынды есеп: 11:1.

Бірінші таймның өзінде-ақ алматылық клуб жеті гол соқты. Фернандиньо, Лео Игита, Дәурен Тұрсағұлов, Нұрсұлтан Пиялы, Біржан Оразов мергендік танытса, Эдсон бірінші таймда дубль жасады. Екінші таймда Пиялы мен Оразов қарсыластар қақпасына тағы бір-бір доптан соқты.

Көкшетаулықтар бір гол ғана соға алды.