Бірінші лиганың жеңімпазы «Ақтөбенің» тізгініне келуі мүмкін бапкерлердің аты аталды. Бұл туралы Meta-ratings.kz жазды.

«Ақтөбенің» келер маусымдағы бюджеті 4 миллиард теңге төңірегінде болмақ. Ал оның тізгініне Беларусь маманы Алексей Баг не ресейлік Дмитрий Кириченко келуі мүмкін.

Жаңа бас бапкер тағайындалған соң, оның алдына еурокубок жолдамасын жеңіп алу мақсаты қойылады.