Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Фарер аралдарымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Алмас Құлшынбаев шәкірттері аталған ойын алдында кезекті жаттығу жиынын өткізді.

Оқу-жаттығу жиынындағы дайындық туралы бапкерлер мен ойыншылардың мәлімдемелері бейнематериалда көрсетілген.

Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Бекхан Шайзада:

– Ойынға дайынбыз, жігіттердің көздері жанып тұр. Құдай қаласа ұтуға тырысамыз. Өкінішке орай үйдегі ойындарда ұта алмадық, сол бізге топтан шығуға кедергі болып қалды. Ештеңе етпейді, келесі жылы жастар бізден де мықты болады, Еуропа Чемпионатына шығады деп сенемін.

Айта кетейік, матч 17 қарашада Шымкент қаласында өтеді. Ойын елорда уақытымен 17:00-де басталады.