Бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық боксшы Флойд Мейвезер шаршы алаңға оралады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Флойд Мейвезер келер жылдың ақпан айында Жапония астанасы Токиода жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Айта кетейік, 43 жастағы боксшы мансабын үш жыл бұрын аяқтаған. Ол мансабында өткізген 50 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетті.