Қытайдың Дишан аймағында үстел теннисінен ерлер арасындағы әлем кубогі кезеңі аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл бәсекеде жарыс қожайындары ешкімге де мүмкіндік берген жоқ.

Фан Чжендон мен Ма Лон алтын мен күмісті иеленсе, жапондық Томоказу Аримото қола жүлдені еншіледі.

Айта кетелік, жақында үстел теннисінен әйелдер арасындағы әлем кубогі де өз иесін тапқан болатын.