Қазақстандық файтер Арманн «Сұңқар» Оспановтың командасы (11-3) жазылушылармен аты аңызға айналған жауынгердің қатысуымен өткен жаттығудың кадрларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Arlan MMA Pro өзінің инстаграмында қазақстандық кикбоксингтен және Муайтайдан алты дүркін әлем чемпионы, сондай-ақ жекпе-жек өнерінің даңқ залының мүшесі Рэй Сефомен бірге жаттығып жатқан видео жариялады.

«Арман Оспанов Xtrim Couture залында жаттығуды жалғастыруда. Аты аңызға айналған Sugar Ray Sefo біздің Сұңқармен жұмыс істейді», - деп жазды қазақстандық команда.

Еске салайық, Оспанов UFC-мен келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, қазақстандық файтер осы жылдың соңына дейін ең ірі ММА промоушенінде алғашқы кездесуін өткізеді деп күтілуде.