ЦСКА-дағы Қазақстан құрамасының футболшысы Юлия Мясникова Ресей чемпионы атанды. Мәскеу командасы әйелдер суперлигасының аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондық атаққа қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

13-турда ЦСКА футболшылары «Звезда-2005» (1:0) жеңіп, басты қарсыласы «Локомотивтен» төрт ұпай озып кетті.

Осы маусымда «қызыл-көктер» 10 жеңіске жетіп, үш рет тең түсіп, бірде-бір рет жеңіліске ұшыраған жоқ.