Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский Ұлттар лигасындағы Албанияға қарсы ойын (1: 3) туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Ойын алдында біз жанкүйерлерімізді қуантқымыз келген... Мен осындай нәтиже үшін кешірім сұрағым келеді. Біздің жігіттер барын салды, бірақ бұл футбол, жеңіліп қалдық. Келесі матчтарда дами түсеміз деп үміттенемін. Әрине, жарақат алған немесе басқа себептермен бұл матчты өткізіп алған ойыншылардың болмауы әсер етті.

Бірақ біздің команда сонда да алға жылжып келе жатқанын айтқым келеді және болашақта біз әлдеқайда жақсырақ ойнап, әлдеқайда жақсы көрінетінімізге сенімдімін, - деді Вороговский ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.