15 қарашада Тиранада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы топтық кезеңінің бесінші турындағы матчта Албаниямен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалардың негізгі құрамдары белгілі болды:

Албания: Бериша, Весели, Исмайли, Джимшити, Хусай, Абраши, Калаку, Мемушай, Чикалеши, Вауни, Манай;

Қазақстан: Покатилов, Алип, Керимжанов, Марочкин, Вороговский, Сүйімбаев, Әбікен, Қуат, Бейсебеков, Щеткин, Айымбетов.

Албания - Қазақстан матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады, тікелей эфир Qazsport телеарнасында қолжетімді.