Футболдан Уэльс чемпионатының 13-турындағы «Карнарвон» мен «Коннах Куэй» арасындағы матчта жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

98-минутта жартылай қорғаушылар Арон Эдвардс пен Паулу Мендеш алаң ортасында қақтығысып қалды. Артынша қос команда ойыншылары төбелес бастады.