15 қарашада ҚХЛ тұрақты біріншілігі аясында «Барыс» - «Динамо» (Минск) матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл командалардың осы маусымдағы екінші кездесуі еді. 5 қыркүйекте Минскіде өткен кездесуде барыстар қосымша уақытта жеңіліп қалды.

Минск клубы басымдылықты әу бастан қолға алды. Алғашқы екі таймда қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Үшінші кезеңде, үшінші голдан кейін ғана «Барыс» тиімді шабуыл жасап, есепті қысқартты. Алайда, осыдан кейін астаналық клуб тағы да өз қақпасына шайба жіберіп алды.

Барыс - Динамо 1: 4 (0: 2, 0: 1, 1: 1)

0: 1 Козун (Менелл, Протас) - 10:150: 2 Козун (Воронин) - 12:230: 3 Шарангович (Козун, Ханзада) - 32:08 КСГ1: 3 Лиля (Волк, Виделл) - 47:40 КСГ1: 4 Воронин (Протас) - 57:10

Қақпашылар: Ортио - Фурх.

Фото: «Барыс» ХК.