Биатлоннан Бейжіңдегі әлем кубогы кезеңі коронавирус індетіне байланысты өткізілмейді деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Халықаралық биатлон одағы (IBU) хабарлады. Әлем кубогы кезеңі 2021 жылдың 23 ақпаны мен 1 наурызы аралығында өтуге тиіс болатын.

Айта кетелік, биатлоннан әлем кубогы кезеңі қарашаның соңында Финляндияның Контолахти қаласында өтеді.